Bugin

Тұрғындармен дөрекі сөйлескені үшін әкім жазаға тартылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы облысындағы Жаркент қаласының әкімі Болат Омаровты белсенділерді қолдауға шыққан жүргізушілерге дөрекі жауап бергені үшін жауапкершілікке тартты. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Алматы облысы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қала басшысы әлеуметтік желілерде видео жарияланғаннан кейін жазаға тартылды. Видеода әкім тұрғындармен дөрекі түрде сөйлескені жазылған.

Айта кетейік, осыған дейін Жаркент әкімі Болат Омаров "Хабар 24" арнасына сұқбат берген еді. Әріптесіміздің қойған сұрақтарына әкім дөрекі жауап қайырған. "Іш киіміме дейін сұрайтын шығарсыз?", – деген сөзімен елдің қытығына тиген.