Bugin
Рамазан айына қарамастан Қазақстанда жезөкшелік қалай дамып жатыр
Нұртілеу Жылқышыбай «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында қасиетті Рамазан айына қарамастан, жезөкшелік қалай дамып жатқанын көрсетеді.
Видеода Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қаласындағы жезөкшелікті қызметіне айналдырған әйелдермен байланысып сұрақтар қойылады. Олар өз қызметін қиындығына қарай 10, 12, 22, 50 мың теңгеге бағалаған. Арасында өзін бұрынғы мемлекеттік қызметкермін деп таныстырған 45 жастағы әйел де болды. Журналистің «Оразада жұмыс істей бересіздер ме? Барсам күнәға мен батамын ба?» деген сұрағына: «Оразада құдай бәрін кешіреді. Байы барлардың өзі қазір осындай жұмыс істейді, олардың алдында мен жақсы шығармын. Сен күнәға батпайсың, керісінше менің сауабымды алып кетесің, үлкен бір сауап»,- деп жауап береді.