Bugin

Денсаулық жайлы топ 20 мақал

Денсаулыққа күтім қажет екенін ұмытпайық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

  Денсаулық – зор байлық. «COVID-19» салдарынан дүниежүзі халқы денсаулыққа аса мән беріп қарайтын болды. Деніміздің сау болғанын қаласақ, барлық гигиеналық талапты сақтауымыз қажет.

1) Бірінші байлық – денсаулық,
Екінші байлық – он саулық,
Үшінші байлық – ақ жаулық.

2) Денсаулықтың қадірін,
Ауырғанда білерсің.

3) Жарлының байлығы,
Денінің саулығы.

4) Демі бардың – емі бар.

5) Аш кісі – ұрысқақ,
Ауру кісі – тырысқақ.

6) Ауруын жасырған өледі.

7) Ауру кісі күлкі сүймес,
Ауыр жүкті жылқы сүймес.

8) Тазалық – саулық негізі,
Саулық – байлық негізі.

9) Көзің ауырса қолыңды тый,
Ішің ауырса аузыңды тый.

10) Ауырып, жазылған жан олжа,
Жоғалып, табылған мал олжа.

11) Бас аманда мал тәтті,
 Бас ауырса, жан тәтті.

12) Туа мүкіс жазылмас.

13) Лас адам – кіршіл,
Надан адам – діншіл.

14) Көп ауырған ем табады,
Көп адасқан жол табады.

15) Дәрі шөптен шығады,
Дана көптен шығады.

16) Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ.

17) Он екі мүшең сау болса,
 Қара басың ханмен тең.

18) Ауру жүйкені бұзады,
Жүйке ұйқыны бұзады.

19) Қайталанған дерт жаман,
 Қайта бұзылған серт жаман.

20) Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.

P.S: Денсаулыққа немқұрайлы қараған дұрыс емес. Сол себепті денсаулықтарыңызға күтім жасап жүруге кеңес беремін.