2021 жылдың 9 мамырында Алматыда Жеңіс күніне орай 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақта Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою салтанатты рәсімі өтті. Бұл туралы Bugin.kz платформасы zakon.kz-ке сілтеп хабарлайды. Назарыңызға әріптестеріміздің фоторепортажын ұсынамыз.
9 мамыр – Екінші дүниежүзілік соғысында жеңіске жетіп, әлемді фашизмнен азат еткен ата-бабаларымыздың ерлігі мен жанқиярлығының символы. Дәстүр бойынша бұл күні сарбаздар мен тыл еңбеккерлерінің ерлігі ескеріліп, соғыс ардагерлерін құттықтайды. Бүгінгі таңда Алматыда Екінші дүниежүзілік соғысының 123 ардагері бар.
Эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстанда Жеңіс күнін тойлау келесі жылға ауыстырылды. Алайда, карантинге қарамастан, көптеген адам соғыс батырларына құрмет көрсетуге келді. Барша қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтаймыз!