Bugin event

Халықаралық бизнес университеті студенттерді конкурсқа шақырады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Құрметті, студенттер!

Сіздерді Халықаралық бизнес университеті  WSB-NLU университетіне (Польша, Новый-Сонч қ.) қос диплом бағдарламасы бойынша конкурсқа шақырады.

Конкурсқа барлық мамандықтардың студенттері қатысып, менеджмент мамандығы бойынша білім ала алады.

Білім алушыларға қойылатын талаптар:
-    3 курста оқу
-    үлгерімнің жалпы орташа балы (GPA)-3.0 және одан жоғары;
-     академиялық және қаржылық қарыздардың, тәртіптік жазалардың болмауы;
-    ағылшын тілін білу.

2021 жылғы 16 мамырына дейін жоғарыда аталған критерийлерге сәйкес келетін студенттер толтырылған өтініш нысанын поштаға жіберуі керек  id@uib.kz. 
Өтініштің үлгісін мына сілтемеде көрсетілген.

Қатысушылар іріктеу кезеңінде:

1.    Ағымдағы семестрсіз бүкіл оқу кезеңіндегі академиялық үлгерім(транскрипт) туралы ақпарат дайындайсыз.

2.    MS Teams-те ағылшын тіліндегі сұхбат бересіз.

Барлық сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласыңыз: +7 (727) 259-63-10.