Bugin
А.Б Нуркенова алдау және сенімге кіру арқылы жәбірленушілердің жеке деректерін алған. Содан кейін әртүрлі микокредиттік ұйымда олардың атына онлайн несие рәсімдеген. Алдын-ала тергеу барысында А.Б Нуркенованың қылмысы толығымен дәлелденді. Сот үкімімен А.Б Нуркенова 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Азаматтардың сеніміне кіріп, олардың атына онлайн несие рәсімдеген алаяқ 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Bugin.kz порталы zakon.kz сайтына сілтеп хабарлайды.
«Алматы қаласының полициясына, елдің 90-нан астам азаматы 1987 жылы туылған А.Б Нуркеноваға қатысты алаяқтық фактісі бойынша жүгінген. Барлық қылмыстық іс бір өндіріске біріктірілді», - деді Алматы полиция басқармасы бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары.
А.Б Нуркенова алдау және сенімге кіру арқылы жәбірленушілердің жеке деректерін алған. Содан кейін әртүрлі микокредиттік ұйымда олардың атына онлайн несие рәсімдеген. Алдын-ала тергеу барысында А.Б Нуркенованың қылмысы толығымен дәлелденді.
Сот үкімімен А.Б Нуркенова 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.