Bugin

11 мамыр күні зиратқа баруға рұқсат етілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда 11 мамырдан бастап зираттар ашылады. Ақпаратты қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов растады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

«Иә, 11 мамырда зираттар ашық болады», - деп мәлімдеді санитарлық дәрігер. 

Бұған дейін Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин, Алматыдағы зираттар 1-10 мамыр аралығында жабылатынын хабарлаған. 

Жандарбек Бекшин өз сөзінде: «Біз осы күндері зиратқа баруды, зиратқа жиналуды шектеу туралы шешім қабылдаймыз», - деген еді. 

Естеріңізге сала кетейік, биыл ата-аналар күні 11 мамырға келеді. Бұл – христиандардың қайтыс болғандарды ерекше еске алу күні. Пасхадан кейін атап өтіледі.