Bugin

«Вакцина салдырмаймын»: Дәулеткерей Кәпұлы қазақша бланк жоғына ызалы

Дәулеткерей Кәпұлы өз фейсбук парақшасында вакцина салдырту кезінде мемлекеттік тілде бланк берілуін талап етті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер, айтыскер ақын Дәулеткерей Кәпұлы өз фейсбук парақшасында вакцина салдырту кезінде мемлекеттік тілде бланк берілуін талап етті. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Дәулеткерей Кәпұлы: «Қалалық 4 ауруханаға вакцинаның екінші кезеңін алуға келсем, кезек күткен қарагөздер! Толтыратын бланк сол қалпы орысша! Бұл не сұмдық? Кеше Қ .Тоқаев "Ұлттық қауіпсіздік кепілі - тіл!" деген жоқ па?! Қалалық ішкі саясат басқармасы басшысы Даурен Бабамуратов, денсаулық сақтау басқармасы басшысы Тимур Мұратұлы, жиырма күн бұрын әлеуметтік желіде жаздым, қайда қарап отырсыздар?! Қаладағы ауруханалардың бланктерін президент не қала әкімі қазақшалап бермейтін шығар?! Қалалық тілдерді дамыту басқармасы не шаруамен айналысатынын әлі түсінбей-ақ келемін!!! Қашан қазақша бланк болмай, вакцина салдырмаймын!», - деп жазба қалдырған.

Бұған жауап ретінде «Четвертая Поликлиника Астаны» парақшасынан: «Қайырлы күн, Сіздің өтінішіңіз қабылданды және міндетті түрде орындалатын болады. Сондай-ақ, сол күні екпе жасау кезінде сізге барлық ақпарат мемлекеттік тілде берілгенін хабарлаймыз», - деген пікір қалдырған.

Дәулеткерей Кәпұлының бұндай жауапқа көңілі толмаған сияқты. Өйткені «Четвертая Поликлиника Астаны» парақшасына қайтара: «Бұл кім??? Бас дәрігеріңіз жауап берсін! Мен бұл мәселені аяқсыз қалдырмаймын! Қазақша сөйлеген қызметкеріңіз мен сұраған соң үш қазақша бланк алып келді. Мен толтырмай кетіп қалдым. Маған ғана емес, келген барлық пациенттерге қазақша бланк ұсынылуы керек!!!»,- деп жазды.