Bugin

"Мен қарапайым емеспін": Илон Маск ауру екенін мойындады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск американдық NBC арнасында Saturday Night Live (SNL) әзіл-сықақ бағдарламасында қонақ ретінде сөз сөйледі. Әңгіме барысында ол өзінің ауру екенін мойындады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

"Менің бүгінгі сөзім шынымен де тарихи, өйткені мен SNL-дің жүргізушісі болған Аспергер синдромы бар алғашқы адаммын. Тым құрығанда, мұны бірінші мойындаған адаммын", - деді Маск өз сөзінің басында. Ол сондай-ақ кейде "біртүрлі" жазбаларды жариялайтынын мойындады.

"Менің миым осылай ерекше жұмыс істейді", - деп түсіндірді Маск және ол өз сөздерімен ренжітуі мүмкін адамдардан кешірім сұрады. "Мен электромобильді ойлап таптым және адамдарды ғарыш кемесімен Марсқа ұшырып жүрмін. Мен тыныш әрі қарапайым адам емес шығармын?", - деді ол.


P.S. Аспергер синдромы психикалық дамудың жалпы бұзылуы. Cөйлеу және танымдық қабілеттер сақталады. Бұл синдроммен ауыратындар көбінесе ебедейсіз болып келеді.