Bugin

Ішкі рейстерде ұшу үшін ПТР тест міндетті емес

Температурасы жоғары немесе ауру белгілері бар (жөтел, ентігу, тыныс алудың қиындауы) адамдарды әуежай ғимаратына, әуе кемесінің бортына жібермейді. Олар карантинге жіберіледі.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандағы ішкі рейстерде ұшу үшін COVID-19 міндетті ПТР-тестін тапсыру талап етілмейді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы informburo.kz сайтына сілтеп хабарлайды.

«1-10 мамыр аралығында келген авиажолаушылар, әуежайдың қосалқы қызметтерінің қызметкерлері мен әуе кемелері экипаждарының арасында коронавирустық инфекцияны жұқтыру жағдайлары тіркелген жоқ. Сондықтан 11 мамырдан бастап жолаушыларға, әуежай қызметінің қызметкерлері мен экипажға арналған Covid-19 міндетті сынағы туралы талап алынып тасталды», – деп түсіндірді Байғабылов.

Басқа санитарлық-карантиндік талаптар (әлеуметтік ара-қашықтық, сауалнама, бетперде режимі, терминал ғимаратына шығарып салушылардың кіруіне жол бермеу, байланыссыз термометрия) күшінде қалады. Температурасы жоғары немесе ауру белгілері бар (жөтел, ентігу, тыныс алудың қиындауы) адамдарды әуежай ғимаратына, әуе кемесінің бортына жібермейді. Олар карантинге жіберіледі.