Bugin
Анасын аямай ұрып әлеуметтік желіге тараған әйел анасынан кешірім сұрады
2021 жылдың 10 мамыр күні әлеуметтік желіде, анасын аямай ұрған қыз туралы видео халықтың сынына іліккен еді. 31 арна журналисі Әлібек Шынтемір оқиға орнына барып, қарт әже мен қызының шындығын өз аузынан біліп қайтты.
Бұл жағдай 10 мамыр күні, Алатау ауданы, «Томирис» ықшам ауданындағы Қойшыбаева көшесінде болған.
Әлібек Шынтемір өз парақшасында: «Әжейдің жасы 75-те екен, шүкір, денсаулығы жақсы. Үлкен қызының қолында тұрып жатыр. Кешегі оқиғада кіші қызы үйге бірнеше рет шақырдым дейді. Айтуынша, әжей мас атаның қасынан шықпай отырып алды дейді. Бірақ бұл анасын ұру керек деген сөз емес екенін айттым. Кешірім сұрады…Менен емес анаңыздан сұраңыз дедік…Өзінің сөзінше бар жағдай сол, үйге күні бойы кіргізе алмадық. Осы жолы да сондай болып ұятқа қалмасын деп үйге алып кетуге тырысыпты»,- деп жазды.