Bugin
Астрономдар Хаббл телескопының көмегімен алып планетаның өсу процессін бақылай алды
Планетаның қалыптасу процесі өте жоғары температурада өтуде. Бұл, өте күшті ултракүлгін сәулелену процесін береді. Телескоптың ультракүлгін сәулеленуге сезімталдығы, ашылған құбылысты сәтті таспалауға үлкен септігін тигізген. Бақылау нәтижесінде, ғалымдар планета массасының өсу жылдамдығын тікелей өлшеуге мүмкіндік алды. Аталып отырған, PDS 70 экзопланетасы Жерден 370 жарық жылына тең қашықтықта Кентавр шоқжұлдызында орналасқан.
Қазіргі таңда, ғалымдар 4 мыңнан астам экзопланеталар бар екенін анықтаса да, олардың тек 15-ке жуығын тікелей телескоптармен бақылаған. NASA бұл жүйені тікелей бақылау үшін Хаббл телескопын пайдалану, алып планеталардың 4,6 миллиард жыл бұрын Күннің айналасында қалай пайда болғанын анықтауға көмектеседі деп үміттенеді.