Әлем жаңалықтары

Норвегияға ядролық зымырандар бағытталмақ

          Норвегия мен АҚШ-тың әскери ынтымақтастығы тереңдей түсуде. Халықтың наразылығына қарамастан, Тромсёде америкалық атомдық сүңгуір кемелері орнықты. Ал сарапшылар үшінші дүниежүзілік соғыс басталған жағдайда ең алдымен Норвегия жәбір шегетінін айтып отыр. 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

             Дүйсенбі, яғни 2021 жылғы 10 мамырда америкалық сүңгуір кемесі Тромсёге келді. Ол Тёнснес өндірістік портына тоқтады. Ал, Ресей тарапына назар аударатын болсақ, өткен аптаның соңында Ресейлік флот су жаңа атомдық сүңгуір кемесіне қол жеткізген болатын. Бұл кеме америкалық атомдық сүңгуір кемесіне әбден төтеп бере алатын көрінеді.

              "АҚШ пен Норвегияның әскери ынтымақтастығының күшеюі - ядролық қақтығыс болған жағдайда Норвегия аумағының алғашқы, әрі басты нысанаға айналуына алып келеді",- дейді Ресейлік әскери сарапшылар.

             Осы арада болуы мүмкін қақтығыстарды ескере отырып, Тромсё муниципалитеті арнайы балалар мен жасөспірімдер үшін үлкен мөлшерде йод таблеткаларына тапсырыс беріпті.

              АҚШ пен Ресей арасындағы шиеленіс күшейген сайын, Норвегия бомбалаудың нысанына айналады деген қауіп бар.