Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыстар басылмай тұр

             Бүгін Жерорта теңізінің жағалауындағы Бат-Ям қаласында Израильдық бір топ адам "Линчке, яғни палестиналық жүргізушіге" өзіндік үкім шығармақ болды. Олар жүргізушіні аямай соққыға жығып, көлігін өртеп жіберген. 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

                 Одан бөлек, израилдықтар палестина азаматтарына тиесілі дүкендердің терезелерін бұзып кіріп, шабуыл жасаған. Кеудесі агрессияға толы осы адамдар тобы Бат-Ям қаласындағы текетірестен кейін шабуылды жалғастыру мақсатында жақын арадағы Яффа қаласына бет алған.

                 Естеріңізге сала кетсек, 10 мамырда Газа Секторында палестиналық қарсыласқан топ израилдық полицияның "Аль-Акса" мешітінен және Шығыс Иерусалимдегі Шейх Джеррах кварталынан сағат 18:00-де дейін кетулерін талап еткен. Израилдық полиция бұл талаптарды орындаудан бас тартқаннан соң, палестиналықтар Израильдың тарапына көптеген зымырандарды айтқан еді. Осы тұста Израиль әскері шұғыл түрде Газа Секторына қарсы әскери операцияның басталғандығын жариялады.