Bugin
Екі сағаттық үзілістен кейін 14 мамыр күні түнде Израилдық әскер Газа Секторына қайта соққы бере бастаған. Негізінен Газаның солтүстік аумағын бомбалаған. Бұл аймақты Израилдық әскер жерден де, ауадан да, теңізден де атқылады.
Әскери соққының нәтижесінде тағы да 10 палестиндық қаза болды. Бұл жөнінде Газадағы Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Осылайша, 10 мамырдан бері Газа Секторында Израилдың әскери соққысының нәтижесінде қаза болғандар саны 119-ға жетті. Ал зардап шеккендер саны 600-ден асып жығылады. Олар әйелдерге де, балалар мен қарттарға да аяусыздық танытып жатыр.