Bugin

«IELTS» дегеніміз не?

Бүгінгі таңда шет тілін білу адамдардың алдында шексіз мүмкіндіктерді ашады. Әсіресе ағылшын тілі қазірде халықаралық тілдің ғана қызметін емес, сондай-ақ ғылым мен білімнің және инновациялық технологиялардың  тілі болып табылады. Ал осы ағылшын тілін деңгейіңізді дамытып,оны толықтай пайдаланғыңыз келсе, сіз міндетті түрде халықаралық емтихандарды тапсыруыңыз қажет болады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сондай халықаралық емтихандардың бірі IELTS емтиханы. IELTS cөзінің аббревиатурасы «International English Language Testing System» - яғни халықаралық ағылшын тілінің тестілеу жүйесі деп аударылады. Бұл IELTS сертификаты Ұлыбритания, Канада, АҚШ және басқа да 140-тан астам мемлекеттерде білім алуға және жұмысқа орналасуда пайдаланылады. Бұл емтиханның 2 түрі бар. Олар  Academic IELTS (Академиялық модуль) және General Training (Жалпы модуль). Академиялық модуль шетелдік ЖОО орындарының бакалавриат, магистратура, докторантурада білім алуға мүмкіндік ашады. IELTS емтиханының әр секциясы 0-9 дейін бағаланады. Ең орта көрсеткіш 5,5 балдан  бастап ең жоғарғы  көрсеткіш 9 балл.

Қазіргі таңда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасында» бакалавриат мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларында студенттер «Стандартталған IELTS  тесттер» атты пәнді оқып жатыр. Бұл пән студенттерді емтиханның негізгі төрт секциясы  Reading, Listening, Writing және Speaking бойынша дайындайды. Бағдарламаны игеріп болған соң студенттер еш қиындықсыз емтиханды тапсырып академиялық ұтқырлық бойынша шетелден тағылымдамадан өтуге мүмкіндік  алады.

Білім беру бағдарламаларында осындай жаңартылған практикалық пәндердің болуы студенттердің өз теориялық білімдерін жетілдіріп қана қоймай, болашақта олардың  IELTS сертификаттарын өз мақсаттары үшін пайдалануға мүмкіндіктер ашатындығы қуантарлық жайт.

Қазіргі таңда біздің университетміздің  әлемнің 1200-ден астам университеттерін бес пәндік бағыт бойынша сараптаған «QS World University Ranking by Subject 2021» пәндік рейтингінінде ең жоғары көрсеткіштерге ие болғандығы да осындай жаңартылған бағдарламалардың көптеп болуынан деп ойлаймыз.