Bugin
Жыл сайын әлемде штаттан тыс журналистердің саны артып келеді. Авторлардың материалдарды теңіз жағасында, бойды сергіте отырып жаза алатын мүмкіндігі болғаны үшін ғана емес. Сонымен қатар, редакцияларға шығындарды оңтайландыру мақсатында, штаттан тыс жазушылармен жұмыс істеуі жөн көретін себепті де.
Штаттан тыс журналистика біраз уақыттан бері журналистер үшін мансаптық жолға айналды, олардың толыққанды осы рөлді атқаратынына немесе бұл істі тұрақты жұмыс арасында пайда табу үшін пайдаланатынына қарамастан. Сонымен қатар, газеттен не журналдан жұмыс іздеудің бұрыннан қалыптасқан тәсілдерінен басқа, Өркен Кенжебек сияқты журналистер тек интернеттегі басылымдар үшін жазып, ақша табуға болатынын дәлелдеп жүр. Тіпті, сөз үшін төлем мөлшерлемесі басылым күндерінен төмен болса да, цифрлық қоғамдық саланың кеңейтілуі фрилансерлердің мүмкіндіктерін едәуір кеңейтіп отыр. Басқалары аралас тәсілді қолданады, яғни, дәстүрлі және онлайн медианы біріктіру үшін жазады. Шет ел фрилансерлері онымен қоса, бизнес-ұйымдар мен брендтер үшін контент құру қызметін атқарып, әртараптанады. Кейбіреулер білімін тәжірибесі аз журналистермен немесе штаттан тыс журналистикаға ауысқысы келетіндермен бөлісу арқылы қосымша табыс тауып жатқанын айтқан жөн. Бұл қазір актуалды болып тұрған кәсіпкерлік бағыттағы курстар түрінде жүруі мүмкін немесе студенттерге білім беру мекемелерінде оқыту бағытында болуы мүмкін.. Бұл іспеттес жобалар штаттан тыс журналистердің 21 ғасырда жұмыс іздеуге деген өзгермелі көзқарасына қатысты ағымдағы ақпараттың жетіспеушілігі мәселесін шешуге бағытталған.
Тергеу және әскери репортаж сияқты салаларда мамандандырылған адамдар үшін фрилансинг ауыр, тіпті кей жағдайларда әскери корреспонденттер үшін қауіпті болуы мүмкін. 2015 жылғы сауалнамаға сәйкес, фрилансер журналистерге тергеу туралы мақалалар үшін қажетті ұзақ мерзімді зерттеулер жүргізу қиындай түсуде. Соңғы бес жыл ішінде ресурстардың жетіспеушілігіне байланысты жүздеген тергеулер, соның ішінде "қоғамдық мүдделер туралы маңызды есептер" тоқтатылды.
Штаттан тыс әскери тілшілер үшін бұл жұмыс ашығын айтқанда өмірге қауіп төндіруі мүмкін, әсіресе жас, тәжірибесіз, іс жүзінде дайындықсыз, қауіпсіздік техникасы немесе сақтандыру құралдары жоқжурналисттер үшін. Ақиқатында, бұл бағыттағы журналистер соғыс туралы репортаждарды түйіндемесіне құнды қосымша ретінде қарастырады. Штаттан тыс соғыс тілшісі 2014жылы Джеймс Фоли Сириядағы тапсырманы орындау кезінде тұтқынға түскеннен кейін мерт болған. Осы секілді мысалдар, өкінішке орай аз емес. Әлемдік статистика бойынша қызмет барысында мерт болған журналистердің басым көпшілігі штаттан тыс болғаны анықталған. Кейбір басылымдар соғыс аймақтарынан штаттан тыс материалдарды қабылдауды тоқтатқан кезде, әсіресе штаттан тыс журналист өлімінен кейін, басқалары әңгімелер мен кадрларды сатып алуға дайын болғандықтары, қазірге дейін фрилансерлер өз өмірлеріне қауіп төндірулерді жалғастыра беруіне әкеп тұр.