Bugin

Көпбалалы отбасылар мемлекеттен қандай жәрдемақы ала алады?

15 мамыр - Халықаралық отбасы күні. Мереке қарсаңында Қазақстанда көпбалалы отбасыларға қандай көмек көрсетіліп жатқанын назарларыңызға ұсынамыз.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлттық қауіпсіздіктің жетекші басымдықтары қатарына мықты демографиялық және көші – қон саясаты шығарылуға тиіс, – деді Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы “Қазақстан-2030” Стратегиясында.

Бүгінде Қазақстанда отбасын нығайту және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жүйелі және кешенді жұмыс жолға қойылған. Балалы отбасыларды қолдау “Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы” ҚР Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
 

Төлемдердің бірнеше түрі қарастырылған: бала тууына байланысты, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы.
 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша 2021 жылы көп балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 46 760 теңгеден 186 688 теңгеге дейін өсті.

Халықаралық Отбасы күні қарсаңында Ruh.kz порталы қазақстандық отбасыларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау туралы мәліметтер жариялады.