Bugin

Алматы қаласындағы ФМБ NIS - "Үздік олимпиадалық мектеп - 2021"

Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі «Үздік олимпиадалық мектеп – 2021» деп танылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептерінің командасы «Үздік олимпиадалық команда – 2021» номинациясында I орын алды. Жоғары көрсеткіштердің арқасында бірден бірнеше Зияткерлік мектеп республиканың үздік олимпиадалық мектептерінің қатарына енді. Оның ішінде Алматы ФМБ NIS I орын, Павлодар ХМБ NIS II орын, III  орынды Ақтөбе ФМБ, Қарағанды ХМБ және Шымкент ХМБ NIS иеленді.

 

2021 жылғы республикалық олимпиада 25-30 сәуір аралығында өтті. Алматы қалалық ФМБ NIS оқушылары 6 алтын, 6 күміс және 8 қола медальді жеңіп алды.  

 

Алтын медаль иегерлері: Камилла Ильясова қазақ тілінен, физикадан Ерсұлтан Пітебай, математикадан Нұрасыл Әбдіразақ, информатика пәнінен Мухамадариф Сахмодин, химиядан Азамат Жақсылықов және биологиядан Ерасыл Мухамедияр

Күміс жүлдеге ие болғандар: математикадан Таир Сатубалдин, Альдинаш Сейтенов пен Асылбек Олжабаев, информатикадан Ернар Садыбеков пен Амир Нуриев, физикадан Артур Николаенко.

Қола медаль жеңімпаздары:  Аяулым Мұқан – ағылшын тілі, Еликай Атабаева – орыс тілі, Искандер Сагинбек – неміс тілі, Медет Джумадильдаев – информатика, Арсен Нәрік, Тамирлан Бектемисов – математика, Дамир Аленов, Сырымхан Нуриддин – физика

 

Айта кету керек, республикалық олимпиада 9-11 сынып оқушылары үшін ең ауқымды шара. Қазақстандағы қатысушылар саны бойынша жетекші орын алатын Олимпиада 16 жалпы білім беретін пәндерді қамтиды. Биылғы оқу жылында Республикалық олимпиаданың мектеп кезеңіне 1 миллионға жуық бала қатысты, оның ішінде 91 179 оқушы аудандық кезеңге өтті, облыстық кезеңде 12 521 оқушы жарысты, ал қорытынды кезеңде Қазақстанның барлық өңірлерінен 1557  қатысушы бақтарын сынаған болатын.