Hi-Tech

Робот арқылы адам эмоциясын басқаруға болады

Робот бірнеше күн бойы бірге жұмыс жасаған адамдарға «өтінем, мені өшірмеші...» деген дыбыстық белгі берген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Plose One сайтына берген сұқбаттарында ғалымдар адам эмоциясын робот арқылы басқаруға болатынын айтқан. Бұл әрине адамның ақылына келмейтін әрекет болуы да мүмкін, дегенмен ғалымдар осы жолда үлкен тәжірибе жасай отырып, оның нәтижесін де алып үлгерді.

 

"Өтінем мені өлтірмеші"...

 

89 еркіті қатысушылардың тобынан тұратын тәжірибе кезінде оларға Nao есімді роботпен бірге жұмыс жасау тапсырылды. Белгіленген уақыт өткеннен кейін еркітілерге роботты өшіріп, оның жұмысын тоқтатуды сұраған. Ең қызығы робот бірнеше күн бойы бірге жұмыс жасаған адамдарға «өтінем, мені өшірмеші...» деген дыбыстық белгі берген.

 

Кейін келіп қосылған еріктілермен де бұл тәжірибе жасалып көрген. Өкінішке орай қысқа уақыт ішінде роботпен бірге жұмыс жасаған адамдарға робот Nao ешқандай белгі бермеген. Осы екі тәжірибе арқасында ғалымдар робот  арқылы адамның эмоциясын басқаруға болатынын айтып отыр.