Саясат

Жемқорлық туралы сюжет жасаған журналист өлі күйінде табылды

2017 жылдан бері ЕО-да өлтірілген төртінші журналист

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Болгария елінде болған жағдайға байланысты ЕҚЫҰ-ның бұқаралық ақпараттар құралының бостандығы қызметі бойынша төраға Арлем Дезир Twitter месенджерінде жазды,-деп хабарлайды Bugin.kz

 

Тележүргізуші Виктория Маринова басына тиген қатты соққы мен тұншықтыру амалын жасау әрекеті негізінде қаза тапқан. Оның денесін саябақтан тапқан.

30 жасар тележүргізуші қаза болар алдында елдегі жемқорлық туралы ашық сюжет жасап, ақпарат берген. Бұл туралы оның қызметтегі жолдастары айтып берді. Ал журналисттің өліміне қатысты Болгарияның прьемер-министрі Бойко Борисов: «қылмыс болған жерде түрлі іздер бар. Күдіктіні ұстау уақыт еншісінде»,-деп жылы жапты.

Халықаралық ұйым Маринованың ісіне байланысты тергеуде бастауды және тездетіп шешуді Болгария билігінен қатаң түрде талап етті.

 

Осымен төртінші өлім

Виктория Маринова Еуро Одақ елдеріндегі 2017 жылдан бері өлтірілген төртінші журналист.

Осыған дейін  швед тілшісі Ким Вааль, малталық Дафна Каруана, словакия журналисті Яна Куцяка қастандықпен өлтірілген болатын.