Bugin
Сіз ішектеріңізді тоқсанына бір рет тазартып отыру керегін білесіз бе?
Біз күніне үш-төрт мезгіл тамақтанамыз, түрлі-түсті сусындар ішеміз, бірақ ішкі ағзамызда не болып жатқаны туралы ойламаймыз.
Күн сайын өзіміз тұратын үйді тазалаймыз, жинаймыз, ай сайын жалпы тазарту жұмыстарын жасаймыз, тіпті 2-3 жылда бір рет жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қажетсіз нәрселерден арыламыз.⠀ Ал, біз ішек пен ағзаны тазарту қажеттілігі туралы ойламаймыз. Себебі, бұл туралы бізге дәрігерлер де, мұғалімдер де, ата-аналар да айтқан емес.
Көпшілік ішектің адам ағзасының ЕКІНШІ МИЫ екенін, иммунитеттің 70-80%-ы ішекте болатынын біле бермейді. Ішектің шөгу (бітелу) сатысына байланысты дәл осы ішекте көптеген токсиндер жиналып, бірнеше ауруларды тудырады. Егер сіз, өзіңізде немесе балаларыңызда созылмалы шаршауды, үнемі бас ауруы, аллергиялық проблемалар (экзема, псориаз, дерматит) байқасаңыз, ішек детоксикациясы туралы шұғыл түрде ойлануыңыз керек. Уақыт өте келе ағзадағы әртүрлі (миома, киста, полип, тастар) пайда болуы, семіздік пен дененің ісінуі, артрит, ревматизм, жүрек соғысы, инсультке әкеп соғады. Онкология – бұл ағза шөгуінің (бітелу) ең соңғы кезеңі.