Bugin
Журналистика саласында өзіндік орынға ие болған Бейсен Құранбектің пікірлерін ұсынамыз
Журналистика саласында өзіндік орны бар Бейсен Құранбектің өмірден өткеніне бір жыл толды.Өнер сүйер халық қайсар ұлдарымен қимай қоштасқанмен,өнегелі сөздерін жадынан шығарған емес.Әсіресе,білікті маманның журналистика саласын таңдаған жас талапкерге айтқан ақылы әлі күнге дейін зор мәнге ие.Оларды бірқатарына тоқталып өтсек:
1. «Егер журналист белгілі бір тақырыпты жақсы білсе,ол-нұр үстіне нұр.Ең бастысы,бір тақырып таңдап алсаңыз,сол тақырыпты жақсы көру керек».
2. «Журналист үшін ең басты шың-халықтың ықылас ниеті,жұрттың саған айтқан рақметі.Сен жасаған сюжет,сен жасаған хабар сол кісілердің өміріне азық берсе,түйінді мәселесін шешсе журналистің ең үлкен наградасы-сол».
3. «Журналистке керекті бірнеше қасиет бар.Ең бастысы,журналист бейғам,енжар болмауы тиіс.Яғни,ол адамның өміріне,қоғамда болып жатқан жаңалықтарға,өзгерістерге жанашырлықпен,қызығушылықпен қарауы тиіс.Ал қалғаны-жазу,сөйлеу,зерттеу,білім алу».
4. «Кітапты жиі оқығым келеді. Бірақ мүмкіндік жоқ. Аптасына бір рет кітап дүкеніне барып, бір жарым сағаттай кітап оқимын. Ұнағанын сатып аламын. Міндетті түрде оқу керек. Әсіресе, журналистер. Өзінің қалпын сақтау үшін спортшылар үнемі жаттығып жүреді. Журналистердің кітап оқуы да сол сияқты болуы шарт. Мысалы, эфирде әңгімеге тартатын әртіс, құрылысшы келеді. Сол бір тақырып аясында білімің таяз екенін байқайсың. Сондықтан өзіңді бір формада ұстап тұру үшін кітап оқыған абзал».