Білім және ғылым
Әлемде талай қызықтар бар. Полиглоттар тарихында: Шығыс ғұламасы Әл-Фараби 70-ке жуық тілді меңгерсе, Шотландиялық Дерик Хернинг 22 тілде еркін сөйлейді екен. Ендеше бұл сіздің ағылшын тілін еркін меңгеруге толықтай мүмкіндігіңіз бар дегенді білдіреді.Әлемде үйренуге қиын тіл жоқ. Әр тілдің өз заңдылығы бар. Ең алдымен тіл үйренемін деген адамға мотивацияның болуы аса маңызды. Ол мотивация- сіздің мақсатыңыз болмақ.
Ағылшын тілін меңгерудің тиімді жолдары:
1 Дұрыс ресурстарды таңдағаныңыз дұрыс: грамматикалық оқулықтар, фильмдер, бағдарламалар
2 Меңгеріп жүрген тілде көбірек ойлап және еркін сөйлеуге машықтаныңыз. Бұл бір сөзбен айтқанда, өзіңмен өзің сөйлесуді бастау. Бос уақытта немесе кезек күтіп тұрғанда. Бұл өзіңізге қолайсыз деп тапсаңыз,
3 Сөздік қорыңызды көбейту керек. Көп уақыт бойы сөздікке телміріп есте сақтаудан шаршайтын боларсыз. Ендеше визуалдылыққа көшіңіз. Ұзақ мәтінді сөздерден қарағанда, мультимедиялық көріністерді көбірек көріңіз. Live The Language — London
4 Ән тыңдағанды ұнатасыз ба? Ендеше, ұялы телефоныңдағы ән жинағын өзгертуге тура келеді. Көңілді, баяу айтылатын ағылшын тілінің әндерін тізімге қосыңыз. Мәселен сілтемеге өтіп сөзі де өте жеңіл, тамаша әнді қайталасңыз болады. https://www.youtube.com/watch?v=N7KQYBWh8EY
5 Ағылшын тілін үйренуге көмектесетін сайттар
а) LanguageGuide — www.languageguide.org/english/ тұрмыста көп қолданылатын сөздерді аудионұсқада есте жақсы сақтауға үйретеді.
b) Elllo-http://www.elllo.org мұнда сіз бірнеше мәтіндердің аудио нұсқалары арқылы қалай оқылуын үйренесіз.
c)Британдық ағылшын тіліне басымдық берсеңіз BBC-дің тіл үйренушілер үшін жасаған арнайы платформасы бар. Бұл ешқандай ақы талап етпейтін таптырмас орын. https://www.bbc.co.uk/learningenglish/
6 Ағылшын тілін бастаушыларға арналған пайдалы видиолар:
Видео 1
Видео 2
Видео 3
Видео 4
Бұл видолар 100 пайыз сізге тілді үйрете алады деп айта алмаймыз. Алайда ағылшын тілінің сөздеріне құлағыңыз үйренеді. Алдымен субтитрлы видеоларды, кейіннен субтитрсыз видеоларды көруге тырысыңыз.
7 Бағдарламалар:
Полиглотты көру арқылы, 16 сағаттың ішінде ағылшын тілін еркін меңгеруге болады. Алайда, грамматика орыс тілінде жүргізілетіндіктен, сіздің орыс тілін білгеніңіз жөн.
https://www.youtube.com/watch?v=8sNV6NvgAgY&list=PL66DIGaegedqtRaxfVsk6vH5dBDuL5w92
8 Ойынды ұнатасыз ба? Ендеше сізге «LinguaLeo» көмектеседі.
LinguaLeo (онлайн ағылшын тілін үйрену)- мұнда сіз бірнеше ойындар мен фильмдер мен мультфильмдерді, грамматиканы да, бірнеше әндерді тыңдай отырып, қызықты ойындар арқылы сөздік қорыңызды кеңейтесіз.
Ең бастысы — аз-аздан үздіксіз үйренуді тоқтатпаңыз. Ендеше іске сәт!!!