Білім және ғылым

"Икигай":жетістікке жетудің жапондық тәсілі

Жапондық философияны негізге алған кітаптың ережерімен таныс болыңыз.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жапондық ғалым,жазушы Кен Моридің «Икигай» кітабымен таныс боларсыз.Ендеше,сізге бестселлер кітаптың алтын ережелерін ұсынамыз.

1.Икигай- бұл сіздің таңертең оянуыңызға себепші жағдай.Барлығымыздың өзімізді бақытты әрі еркін сезінуге шақыратын сүйікті ісіміз бар шығар.Мысалы,жылы төсегіңізден тұрған соң,өзіңізге ыстық шай әзірлейсіз.Одан соң өз хоббиіңізбен шұғылданасыз.Егер бұл процесс сізге күлкі сыйлай білсе,сіз өз «икигайыңыздың» алғашқы сатысын еңсердіңіз.

2.Жетістіктің нақты формуласын ешкім ашқан емес.Әр жеңістің бақыты тек өз қолыңызда.Икигай ұсынатын екінші ереже осы дағдыға сүйенеді.

3.Аздан бастау.Стив Джобс пен оның туындысы айфонды білмейтін жан жоқ.Ал оның бастапқы моделі қандай болғанын білесіз бе? Табандылық пен үздіксіз еңбектің арқасында қазір Стив Джобс ең бай адамдардың қатарында.

4.Қуана білу.Тіпті,ең еленбейтін дүниелерге.Бізді әркез алдыға жетелейтін дофамин гормоны күнімізді көңілді өткізуге де көмектеседі.

5.Қазіргі сәтпен өмір сүруге тырысу.Егер жаныңызда тапсырылған істі кейінге қалдыруды қалайтын досыңызды кезіктірсеңіз,ол бүгінгі күнмен өмір сүруге дайын емес.Дәл қазіргі сәт сіздің болашағыңызды айқындайтындығын ұмытпағайсыз.

Жапондық философия белгілеген бұл ережелер айналамыздың әдемілігін көруге,әр күнге қуаныш сыйлау мен ұзақ өмірге жетелейді.Икигай барлық салада жетістікке жетудің де тетігін көрсетеді.Оны кітапты оқыған соң,міндетті түрде түсінетін боласыз.