Білім және ғылым
Біз ғаламдағы жалғыз саналы тіршілік иелері шығармыз...
Жердегі тіршілік - керемет сәйкестік сияқты үйлесімділіктің нәтижесінде бірнеше маңызды және нәзік факторлардың өте сәтті үйлесімі нәтижесінде пайда болған. Мысалы, Бірегей Жер гипотезасы бойынша, Айдың бар болуы да теңдессіз нәрсе деп саналады.
Бірегей Жер гипотезасына қарама-қарсы гипотеза - Қарабайыр Жер гипотезасы деп аталады. Оған сәйкес, Жер - бұл ғаламдағы ең қарапайым аралық планета, оған анау айтқандай ерекше мәртебе берудің қажеті жоқ. Ал, осы екі теорияның ортасындағы алтын нүктені көздеп жасалынған теориялардың саны өте көп. Бұл дегеніміз, біз немесе біздің ерекше өмір формамыз, немесе біз сияқты өмір формасы бүкіл ғаламда толып жатыр. Яғни, адамдар - ғаламдағы жалғыз саналы тіршілік иелері деген сөз - адамдардың мақтаншақтығының жемісі ғана. Сондықтан біздің өмір сүру формамыз өте қарабайыр, қатардағы өмір сүру формасы ғана деп саналады.
Бірақ біз қазір адамзатқа белгілі ғылыми деректерге сүйенсек, біздің Жеріміз - саналы өмірге пана бола алатын өте ерекше аспан денесі болуы мүмкін. Тұрақты және бейбіт жұлдыздың айналасында тұрақты және бейбіт түрде айналатын планетада біздің қазіргі саналы өмір формамыздың пайда болуы үшін 3 миллиард жылдан астам уақыт қажет болды. Күн - бұл ерекше тұрақты және бейбіт жұлдыз, ол Жер бетіндегі тіршілік процестерінің эволюциялық дамуы кезінде жылу энергиясын үнемі және тұрақты түрде жеткізіп келе жатыр. Біздің алып көршіміз - Юпитер - Жерді кометалар тарапынан бомбалаудан қорғайды, оларды Жерге жетпес бұрын ұстап алып, жұтып қояды. Алайда, мұндай қолайлы жағдайларда да, планета тарихында болған бірнеше ауқымды апаттар, атап айтқанда динозаврлардың жойылып кетуіне себеп болған құбылыстар да кездесіп тұрады, оның үстіне, дәл осы апат - біз акцент беріп отырған кометалардың Жерге соқтығысуымен байланысты болып отыр. Егер Юпитер болмағанда, Жер бетіне осы тектес ірілі-ұсақты кометалар жиі түсіп соғыса беріп, біздің планетамыздағы саналы өмірді дамып үлгермей жатып жойып тастай берер еді. Жердің үлкен табиғи серігі - Айдың болуы да өте маңызды. Дәл осы Ай Жердің осін тұрақтандырады және зырылдауық тәрізді қалқып қозғалудың орнына тұрақты және біртекті болуға көмектеседі. Сонымен қатар, Айдың әсерінен мұхит суларының көтерілуі климат пен планетамыздағы тіршілік үшін теңдессіз маңызға ие. Жердің магнит өрісін қолдауда да Айдың маңыздылығын жоққа шығаруға болмайды. Осы факторларды, сонымен қатар антроп принципі көрсететін дәлелдерді ескере отырып, біздің Жеріміз шынымен де ерекше және бірегей планета бола алады деген пікірді айтуға толықтай негіз бар.