Bugin

Шымкентте 11 нысан әкімшілік жазаға тартылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласында өткен тәулікте КВИ-дің 96 жағдайы тіркелді (белгілері бар - 64, белгілері жоқ - 32). 40 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 56 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 290 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 490, «Атамекен» клиникасы – 450, Орынбай ГБОО – 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30), төсек-орын толымдығы – 39,9 %. Жүргізілген зертханалық зерттеулер (ПТР) – 363 519, тәулігіне – 1 230.

Қалада егу науқаны басталғалы барлығы 78 748 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 8 044 адам вакцинаның екі компонентін салдырған.
Сондай-ақ, 25 сәуір күні 383 нысанға (367 кәсіпкерлік нысан, 16 жеке нысан) тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 11 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Шымкент қаласы эпидемиологиялық жағдай бойынша әлі де «қызыл аймақта». Бұдан шығудың бірден-бір жолы – вакциналау. Қалада 38 бекетте тұрақты егу жұмыстары жүргізілуде.