Bugin

Елбасы медалі табысталды

24-мамыр күні Бәйдібек ауданының белсенді жастарына Елбасы медалі табысталды.


Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


"Елбасы медалі" жобасы 2020 жылдың маусым айынан бастау алған болатын. Жобада 11 мың қатысушы бақ сынап, шығармашылық қырларын жетілдіре түсті.
"Елбасы медалі" бағдарламасы жеті бағыттан тұрады:кітап оқу, спорт, дарын мен дағды, волонтерлік іс, ұлттық мұра, туристік сапарлар, еңбек тәжірибесі.
Қатысушылар 6 ай ішінде жоба талаптарын сақтай отырып, аталған бағыттар бойынша жұмыс жасайды. Тәлімгерлердің қатаң бақылауында болып, берілген тапсырмаларды уақытында орындап, жауапкершілік пен батылдық танытқан жас-"Елбасы медаліне" ие болады.
"Елбасы медалінің" артықшылықтарына тоқталсақ:
Мектеп қабырғасындағы оқушыларға мемлекеттік грант ұтып алу кезінде арнайы жеңілдіктер қарастырылса, студент жастар үшін жұмысқа орналасуда көмек беріледі.
Сондай-ақ, жобаға қатысушы жас- жан-жақтылыққа қалыптасып, қоршаған ортаға пайдасын тигізіп, елімізді дамытуға да үлесін қоса алады.