Bugin

Әлем - жалғыз

Жүректен шыққан өлең жолдары!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл өмір жалғыздықтан құралады,
Әр пәнде сынақтармен сыналады.
Жырлары ақындардың бұл уақытта,
Сағыныш пен мұң жайлы жырланады.
Абай жалғыз екен ғой, Мағжан тағы 
Фариза - өлең сөздің екен бағы,
Шаттық пенен қуаныш бір болғанмен,
Гауһардың да көрінер теріс жағы.
Ақындар сезінбесін өзің жалғыз.
Іздеуменен өтетін өзің жанбыз.
Бір-біріне ешқандай ұқсамайтын,
Ақын түгіл әлемнің өзі жалғыз.