Әлем жаңалықтары
Сіз байқадыңыз ба?
Жан (Soul) мультфильмі – 2020 жылы 25 -желтоқсанда көрерменге ұсынылған компьютерлік - анимациялық фильм. Мультфильм «Disney» және «Pixar» студияларының бірлескен туындысы болып табылады. Мультфильм режиссері - Пит Доктер, продюсері - Дана Мюррей. Карантин салдарынан туындының шығарылымы бірнеше айға кері шегіндірілді. Сол себепті көрермен бұл мультфильмді асыға күткен болатын.
Басты кейіпкер Джо Гарднер – музыка пәнінен мектеп мұғалімі. Сюжет желісі басты кейіпкердің ашық құдыққа құлап түскенінен бастау алады. Оқиға екі әлем ортасында болады. Көрермен ретінде айтарым бұл мультфильмнің мәнін Абай атамыз өткен ғасырларда айтып кеткен. «Сенде бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан» , бұл шумақтарда адамның өмірде өз орнын табу керектігі баяндалады. Мультфильм кейіпкерлері де өз орындарын, сүйікті істерін таба алмай жүрген адамдарды суреттейді. Сондай-ақ өмірде қарапайым дүниелерді бағалауымыз керек. Өткеннің немесе болашақтың есебінен өмір сүрмеу қажет . Қазіргі сәтімізде бақытты болып, уақытты бағалау керек. «Жан» мультфильмінің көрерменге жеткізгісі келген ойы да осы болар.
P.S: «Жан» мультфильмі - өте пайдалы әрі әсерлі туынды. Егерде мультфильмді көрмеген болсаңыз, тамашалауға кеңес беремін.