Bugin

Шымкентте газ толтыру компрессорлық станциясы ашылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Шымкент қаласында метан газын толтыратын компрессорлық станция іске қосылды. Жаңа бекеттің ашылуына қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов жобаны жүзеге асырған отандық инвестор «АГНКС Қазақстан» ЖШС-не алғысын білдірді.

Өндірістік компрессордың қуаты сағатына 2400 текше метрді құрайды, бұл күн сайын 200 автобусқа қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Жобаға тартылған инвестиция көлемі 1 миллиард теңгеден асады. Жаңа 18 жұмыс орны ашылды. Құрылыс барысында 80 адам жұмыспен қамтылған болатын.

Қазіргі уақытта жанармай құю станциясында 3 қызмет көрсету бағаны жəне 6 жанармай құю орны бар. Олардың санын 5 бағанға дейін арттыру жоспарлануда.

Сондай-ақ, қалада тағы бір компрессорды іске қосу жоспарлануда, бұл қуаттылықты сағатына 3600 текше метрге дейін арттыруға жəне күн сайын 300 автобусқа қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін болады.