Bugin
Атап айтсақ, Шымкент “Білім-Инновация” ер балалар лицей-интернаты, химия-биология және физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері, Абай атындағы №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп гимназиясы , М.Х. ДУЛАТИ атындағы №8 мектеп гимназиясы.
Шымкентте «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың төртінші (қорытынды) кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Олимпиада жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша болды. Онда үшінші мегаполистің намысын қорғап, қала атынан 100 оқушы сайыста бақ сынады. Нәтижесінде қатысушылардың 31-і жүлделі орындарға ие болды. Оның 2-уі алтын, 11-і күміс, 18 қола медаль. Сондай-ақ, аталған республикалық олимпиаданың нәтижелері бойынша үшінші мегаполистің бес мектебі Қазақстанның 100 үздік мектебіне енді.
Атап айтсақ, Шымкент “Білім-Инновация” ер балалар лицей-интернаты, химия-биология және физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері, Абай атындағы №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп гимназиясы , М.Х. ДУЛАТИ атындағы №8 мектеп гимназиясы топ жарып, үздік атанды. Осыған байланысты Олимпиаданың қорытынды кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті базасында өтті.
Ел аумағында бір мезетте ұйымдастырылған марапаттау рәсіміне zoom бағдарламасы арқылы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов арнайы қатысып, дарынды оқушыларды құттықтады. Ал Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан жиынға арнайы қатысып, дарындыларға сәттілік тілеп, марапаттады.
-Қаламызда 5 мектеп еліміздегі ең үздік 100 мектептің қатарына енуде. Бұл біздің оқушыларымыздың жеңіс тұғырынан көріне білуі. Дарынды жас елдің болашағы, баға жетпес қазынасы. Болашақта егеменді еліміздің тарихын арқалап, болашағын айқындайтын дарынды жастар мына сіздер. Сіздердің қаламыздың абыройын асқақтатып, қаламызға қосқан үлестеріңізбен мақтанамыз! - деді Шыңғыс Жұмабекұлы. Сондай-ақ, марапаттау рәсіміне қалалық білім басқармасы басшысы Жанат Тәжиева, М. Әуезов атындағы ОҚУ КеАҚ басқарма төраға-ректоры Дария Қожамжарова, педагогика ғылымдарының кандидаты, қалалық Дарын орталығының директоры Раушан Джеренова білімді шымкенттік өрендерге сәттілік тіледі.