Білім және ғылым

Роберт Кийосаки: "Сәтсіздіктер- қалыпты"

"Бай әке,кедей" әке атты бестселлер туындыдан керекті инсайттарды оқып көрейік.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 

Әлемдік бестселлерге айналған «Бай әке,кедей әке» атты кітапты естіген боларсыз.Тақырыбы ерекше,айтары бөлек туынды қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған.Ендеше,үздік кітап ұсынған кеңестерге назар аударайық.

Сәтсіздіктер-қалыпты.Әрбір жетістіктен соң сені жеңіс күтіп тұруы шарт емес.Сәтсіздіктен соң өзінен басқаны кінәлау,қателіктерден сабақ алмау,тез беріле салу-жолы болмайтындардың ісі.Ал жеңіске ұмтылғандар үшін қателіктер-дұрыс бағытты таңдауға көмекші құрал.Мұндай адамдар әр нәтиежені анализден өткізіп отырады.

Ай сайынғы жалақы ең тиімсіз табыс көзі.Қаржы жағынан адамдардың төрт түрі бар:тұрақты жұмысы барлар,өзін өзі қамтамасыз ететіндер,бизнесмендер және инвесторлар.Алғашқы екі тип белгіленген жалақыны иемденеді.Және оның жарты бөлігі мемлекеттік салық,қорларға жұмсалады.Ал бизнесмендер мен инвесторларға басқалардан көп жұмыс жасауға тура келеді.Егер осылай болған жағдайда,оларды алдыдан жайлы өмір күтіп тұр.Енді сізге сұрақ:келешектегі керемет күндер үшін өзіңізге тегін жұмыс жасауға дайынсыз ба?

Адамдарға қаржылық жағынан кедергі келтіретін бес негізгі себеп бар:қорқыныш,жалқаулық,өркөкіректік,өз күшіне сенімсіздік,пайдасыз әдеттер.Егер осы кедергілерден арыла білсеңіз,Кийосаки көрсеткен қаржылық әлеуетке жетесіз.