Қан құюда қан топтарының маңызы

Қанды топқа бөлуді кім ойлап тапқан? Ол не үшін керек? 1-топ басқа топтан қан алса не болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қан құюда қан топтарының маңызы

     Қан құюда қан беруші адамды - донор (лат.«donore» – сыйлаушы), ал қан алушы адамды – реципиент (лат. «recepiens» -қабылдаушы)  деп атаймыз.

  

     Тарихы

     Алғаш болып қан құю жұмыстарын профессоры Дж.Бланделл (1819 ж.) бастаған болатын. Ол ауыр халде босанған  әйелдерге көмектесу мақсатында қан құйған. Кейіннен қан құю жұмыстарын ресейлік (С.Ф.Хотовицкий, Г.С.Вольфта) ғалымдар жалғастырды. Дегенмен барлық қан құю жұмыстары сәтті аяқталмады, тіпті кейде әйелдер себепсіз қайтыс болып жатты. Осыдан бастап медицинада «неге?» деген заңды сұрақтар туындай бастады.

      Австро-америкалық ғалым Карл Ландштейнер қанды зерттей бастады. Ол қанның қызыл жасушаларына (эритроцит) байланысты қанның 3 топқа бөлінетінін анықтады. Кейінірек 1902 ж. Ландштейнер әріптесі А.Штурли А.фон Декастелломен тағы бір 4-ші топтың болатынын анықтады. Осы еңбегі үшін 1930 ж. Карл Ландштейнер Нобель сыйлығын алды. Осылайша қанның 4 топқа бөлінетіні анықталды.

 

      Неге Карл Ландштейнер қанды топтарға бөлді?

      Карл Ландштейнер қанды 4 топқа бөлді. Оның себебі қанындағы қызыл жасушаларға (эритроцит) байланысты. Осы қызыл жасушалардың (эритроцит) бетінде антигендер мен антиденелер болады. Антиген дегеніміз антиденелерді шығарушылар. Олар А және В деп бөлінеді. Антиденелер дегеніміз бізді ағзамызға енген бөтен ағзалардан қорғаушылар. Олар альфа және бэта деп екіге бөлінеді. Антиденеге мысал, біз тұмаумен ауырған кезде ағзамызға тұмау вирусы енеді. Ал сол бөтен тұмау вирусынан ағзамызды антиденелер қорғайды.

     Міне, қанның қызыл жасушасында антиген мен антидененің бол, болмауына байланысты қан топтарға бөлінеді.

 

      Қан топтары

1-топ: 0-ші топ деп те аталады, себебі қанда мүлде антиген жоқ;

2-топ: қанда А антигені болғандықтан А тобы;

3-топ: В антигенінің болуына байланысты В тобы;

4-топ: қанда А және В топтары қатар болғандықтан АВ тобы деп аталады.

    

       Қан беру және алу

1-топ: антигені жоқ болғандықтан, барлық топтарға қан бере алады. Бірақ өзі тек 1-топтан ғана ала алады.

2-топ: А-антигені  ғана бар болғандықтан, А-антигені бар 4-топқа және өзіне бере алады. Ал өзі қанды антигені жоқ 1-топқа және өз тобына бере алады.

3-топ: дәл солай В-антигені болғандықтан, В-антигені бар 3 және 4-топтарға қан бере алады. 1 мен 3 топтан қан ала алады.

4-топ: АВ антигені қатар болғандықтан, тек өзінен ала алады. Ал қанын барлық басқа топтарға бере алады.

 

    1-топ басқа топтан қан алса не болады?

    1-топта антиген жоқ. А(2-топ) немесе В(3-топ) не болсама АВ(4-топ) антигендері бар топтан қан алса, қандағы қызыл жасушалар (эритроциттер) құрамы өзгергендіктен жабысып қалады. Ал ол қанның ұюына, тіпті өлімге алып келеді. Міне, сондықтан қан құюда қан топтары аса маңызды.