Білім және ғылым

"Тәуелсіздік - бабалар рухы!"

«Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы»

                                                   Н.Ә.Назарбаев 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Тәуелсіздікдің тар жол ,тайғақ кешуінен, беттен қағар желінің есуінен  тайсалмауға тиіспіз" - деп елбасы сөзімен өз сөзімді бастасам деймін.
   Тәуелсіздік бұл - еркіндік пен  тарихтың тоғысы. Бұл сөзді айтудың өзі мен үшін үлкен  мәртебе. Меніңше, егер мемлекет тәуелсіз мемлекет болмаса, оны ел деп атаудың өзі қате болар еді. Ойланыңызшы: "Қашан туымызды таптар екен,қай одақтың отарына айналмақпыз?" - деген қорқынышпен өмір кешу емес пе ол.

 
   Сансыз шүкір,айтарым бұл қорқынышты мына біздер, қазіргі ізбасарларымыз сезінбейтін  болады.
 Тәуелсіздік,бейбіт ел ұланы екенімді  есіме алғанымда көз алдыма қаншама қан мен тер құрбандары оралады.Тәуелсіздік туралы айтпас бұрын дәл осы қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт көріністі бізге сыйлаған тарихқа көз жүгіртсем деймін.


  Он бесінші ғасырдың ортасында ер жүрек Керей мен Жәнібек сұлтан қалаған ұлы дала бүгінде аты әлемге танылған дамушы,зайырлы мемлекет.Әуелі жоңғардың қыспағымен күрестік,одан соң немістен байтақ жерімізді қорғап қалдық емес пе?Еңсемізді енді ғана көтергенде КСРО езгісіне тап болдық.Патша үкіметінің түптің түбінде дініміз бен тілімізді қорлауы ,Алаш деп тұратын ұлтшылдарды езгілеуі жастарымызды бейжай  қалдырмады."Қазақты қазақ билемесе не пайда?"-деген сұрақтарға жауап іздеп қазақ  жастары алаңға шықты."Желтоқсанның сол бір оқиғасы"бүгінде мына біздерге тәуелсіздік сыйлады.Батыр да  батыл,ұлтшыл да өр тұлғаларымыздың арқасында бір ту астында жайбарақат өмір сүрудеміз.Бұл ерліктерді ақ қағазға жазып сынйыра алмасым анық.Айтарым ,тәуелсіздік бабалар аңсауы,сынақтармен жеткен киелі қазына.Тәуелсіздік біздің аманат,біздің мүдде ,біздің тағдыр.Біздерге қойылған мақсат тәуелсіздігімізді келер ұрпаққа табыстау.Тәуелсіздік ұланы болғандықтан тарихпен бірге рухани жаңғырып,астарлы ақиқатқа толы тәуелсіздік жолын кіші буынға жеткізу біздің міндет.
  Сірә,бүгінде көзімізді ашқаннан зеңбіректің емес,анамыздың  даусын естуіміздің өзі үлкен бақыт емес пе?


   Тәуелсіздік ұғымы әрбір жанға таныс қастерлі ұғым.Бүгінде еліміздің зайырлы тәуелсіз елге айналғанына отыз жыл толуда.Меніңше,осы бір күні барлығымыз тарихымызды еске алып,тәуелсіздікті дәріптеуіміз қажет.Ал,тәуелсіз елді келер ұрпаққа табыстау үшін елге бірлік керек екені анық...


  Отыз жылда қалыптасқан рухани сана мен жаңалықтарды сұрыптап Отанымызға өз үлесімізді қосқанымыз абзал.Бұлай айтуыма,себеп,біз тәуелсіздіктің ұланымыз және осы сөзді келер ұрпақ мақтана айта алу үшін көк байрағымызды сақтап қала білуіміз қажет!