COVID-19

КВИ-мен күрес

Шымкент қаласында өткен тәулікте 2549 адам вакцина алды: I компонент – 503, II компонент – 2046.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласында өткен тәулікте 2549 адам вакцина алды: I компонент – 503, II компонент – 2046. Егу науқаны басталғалы барлығы 175 760 адам вакциналанды. Оның ішінде 87 301 адам вакцинаның екі компонентін салдырды.

Қалада 2 маусым күні КВИ-дің 54 жағдайы тіркелді. 16 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 38 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 376 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 490, «Атамекен» клиникасы – 450, Орынбай ГБОО – 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30, №2 оңалту орталығы – 100, қалалық клиникалық балалар ауруханасы – 10, Шымкент жүрек орталығы – 6).

Сондай-ақ, 2 маусым күні 202 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 6 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Қалада екпе егу жұмыстарының барысы қарқынды. 40-тан астам вакциналау бекеттері жұмыс істеуде. Сол себепті тұрғындарды тезірек екпе алуға шақырамыз.