Білім және ғылым

Асхат Аймағамбетов: «Кім не десе де, кім қалай айтса да өздеріңіздің алған мақсаттарыңыздан қайтпаңыздар!»

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ақмола облысы Талапкер ауылындағы жалпы білім беретін мектеп түлектерінің алдында сөз сөйледі. Жаңадан қанат қағып бастаған жастардың намысын шыңдап, болашақ өмірге үлкен серпіліс берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ақмола облысы Талапкер ауылындағы жалпы білім беретін мектеп түлектерінің алдында сөз сөйледі. Жаңадан қанат қағып бастаған жастардың намысын шыңдап, болашақ өмірге үлкен серпіліс берді.

Министр өзінің жас кезін мысалға келтіре отырып, түлектерге бірқатар маңызды ақпаратымен бөлісті.

Өз сөзінде: «Сол уақыттағы жүрегімдегі қорқыныш, сол уақыттағы үрей мен үміт көз алдымда тұр. Әрине, сол кездегі үрейдің негізсіз екеніне қазір көз жеткізіп отырмын»,- деп одан әрі жастарға қиындыққа мойымай, алған мақсатқа айқын қадам жасауды нақтылап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстанның дамуы үшін білікті ұстаздардың қажет екендігін баса айтты. Мұғалімдерге қарастырылып жатқан қолдауды да тілге тиек етіп, бірқатар жаңалықтарымен бөлісті.