Bugin event

Мемлекет тарапынан екінші деңгейлі банктерге қолдау көрсетілуде

Бүгін Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларының іске асырылуы бойынша екінші деңгейлі банктермен кездесу өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кездесуде мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде осы жылдың жоспарлары мен екінші деңгейлі банктердегі жобаларды анықтап, арнайы пул әзірлеу талқыланды. Сондай-ақ, алдағы уақытта екінші деңгейлі банктердегі жобаларды сүйемелдеу бойынша Фронт офисте штаб құру мәселесі қаралды.

Айта кетсек, қазіргі таңда «Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары бойынша банктерде жалпы сомасы 74,7 млрд.теңгені құрайтын 292 жоба қаралуда. Соның ішінде «Бизнестің жол картасы-2025» бойынша 49 млрд.теңгеге 277 жоба, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша  25,7 миллиард теңгені құрайтын 15 жоба қарастырылып жатыр.