COVID-19
Шымкент қаласында 4 маусымда КВИ-дің 49 жағдайы тіркелді (белгілері бар - 33, белгілері жоқ – 16). 17 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 32 адам үй бақылауына алынды
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 376 орын бар (қалалық инфекциялық орталық - 490, «Атамекен» клиникасы - 450, Орынбай ГБОО - 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30, №2 оңалту орталығы-100, қалалық клиникалық балалар ауруханасы-10, Шымкент жүрек орталығы-6), төсек орын толымдығы 34%-ды құрайды, 903 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда
450 науқас емделуде (КВИ-190, пневмония-249, ЖРВИ-11), жансақтау бөлімінде - 19 (7 - ИВЛ, 12 - НИВЛ).
Жүргізілген зертханалық зерттеулер (ПТР) – 437 395, тәулігіне-1602.
Соңғы тәулікте қалада 4853 адам вакцина алды (I компонент-2986, II компонент-1867). Егу науқаны басталғалы барлығы 181 241 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 91 346 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Одан өзге, қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 20 мобильдік топ 199 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 7 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылған.
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, эпидахуалдың тұрақсыздығына орай сақтық шараларын ұстануға шақырамыз.