Bugin event

Дүлей дауыл салдары

Қазгидрометтің мәліметіне сәйкес, Шымкентте 6 маусым сағат 18.25-18.36 арасында 15-28м/с қатты жел соқты. Салдарынан бірнеше мекенжайда үйлердің шатыры ұшты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазгидрометтің мәліметіне сәйкес, Шымкентте 6 маусым сағат 18.25-18.36 арасында 15-28м/с қатты жел соқты. Салдарынан бірнеше мекенжайда үйлердің шатыры ұшты. 

Атап айтқанда,  Байтұрсынов көшесі 90А 5 қабатты үйдің 40 шаршы метр болатын шатыры ұшып, Қонаев даңғылы 1 үйдің ауласына құлаған. "Тoyota Corolla " маркалы автокөлікке зақым келтірді. 

Сондай-ақ, Солтүстік шағын ауданы 52 үйдің шатыры қатты соққан жел салдарынан құлаған. Оқиға орнына Төтенше жағдай қызметінің 2 техникасы мен 8 қызметкері жіберілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жағдай тұрақты.