Білім және ғылым

563 түлек ҰБТ-дан тыс қалды

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі ҰБТ-ның жалпы қорытындысын шығарды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы  Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгінгі таңда 51 тестілеу пунктінде 123 мыңнан астам талапкер ҰБТ тапсырды. Оның ішінде 92 458 түлек қазақ тілінде, 30 967 – орыс тілінде, 263 – ағылшын тілінде тестілеуден өтті. Максималды балл – 140. Сонымен қатар, 224 түлек тексеру кезінде аудиторияға тыйым салынған заттарды кіргізуге тырысқандықтан ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Ережелерді бұзғаны үшін тестілеу кезінде аудиториядан 563 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бұл туралы ҚР Білім және Ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бақылаушылар тест тапсыру барысында жастарды адалдыққа шақырды. Орталықтарда әрбір тестіленушіге "бір тестіленуші – бір камера" қағидасы бойынша бақылау жүргізіледі.

Тоғыз түлектің қызуы көтерілді, сондықтан олар ҰБТ-ны басқа күні тапсыратын болды.