COVID-19

Вакцинаның әсері болып жатыр ма?

Шымкент қаласында өткен тәулік ішінде 2948 адам вакцина салдырды: I компонент – 2147, II компонент – 801. Егу науқаны басталғалы барлығы 185 854 адам вакциналанды. Оның ішінде 93 560 адам вакцинаның екі компонентін алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

6 маусым күні КВИ-дің 31 жағдайы тіркелді (белгілері бар - 18, белгілері жоқ – 13). 9 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 22 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 276 орын бар.

Сондай-ақ, өткен тәулікте шаhарда 191 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 7 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Вакциналау бекеттерінің саны артып келеді. Қала тұрғындарын бетперделік режимді сақтап, тезірек екпе алуға шақырамыз. 

Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61