Weekend

Оқушыларға жаңа оқу жылына дайындалу үшін оқулықтар 20 маусымға дейін беріледі

Білім және ғылым министрі ел мектептерінде оқулықтар берудің бірыңғай тәсілін енгізуді тапсырды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы informburo.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жазғы демалыстың жаңа басталғанына қарамастан, қазақстандық оқушылар алдағы оқу жылына арналған оқулықтарды алып жатыр.

Мамыр айының соңында Республикалық педагогикалық кеңесте Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерге жаңа оқу жылына арналған оқулықтарды 20 маусымға дейін беруді тапсырды.

"20 маусымға дейін оқулықтардың таратылуын қамтамасыз ету қажет. Бұл қарапайым жұмыс. Бірақ бізде бірыңғай тәжірибе жоқ: біреу тамыз айында, біреу мамырда, біреу маусымда таратады. Бұл жұмысты жазда балалардың үйде алдын-ала дайындалуға, осы әдебиеттерді оқып, қолдануға мүмкіндігі болуы үшін жасау керек. Бізде саналы оқушылар бар", – деді министр Аймағамбетов.