Лайфхактар

КВИ-мен күрес әлі де жалғасуда

Шымкентте өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 58 жағдай тіркелді (30 симптоммен, 29 симптомсыз). 12 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 36 адам үй бақылауына алынды. Ал кешегі күні 160 науқас емделіп шықты
 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазіргі уақытта қаладағы мамандандырылған инфекциялық орталықта 1 276 төсек-орын бар. Атап айтсақ,  («Инфекциялық орталықта» - 490 төсек орын, «Атамекен» клиникасында - 450 төсек орын, «Орынбаев гипербариялық оттегі орталығында» - 70 төсек орын, 14 емдеу орталығында - 250 төсек орын, қалалық перинаталдық орталықта - 30 төсек орын, №2 оңалту орталығында - 100, қалалық клиникалық балалар ауруханасында - 10, Шымкент «Жүрек орталығында» - 6). Оның ішінде 865 төсек орны бос. Ал 411 азамат жұқпалы және карантиндік ауруханаларда, стационарда ем қабылдауда (КВИ-173, пневмония-231, ЖРВИ-7), жансақтау бөлімінде - 23 (4 - ИВЛ, 22 - НИВЛ).

Айта кетейік, медицина мамандары қала тұрғындарына карантин уақытында сақтық шараларын қатаң сақтауын ескертеді. Әр адам бетперде тағып, көп шоғырланған жерге бармай, қоғамдық жерлерде арақашықтық сақтап жүруі тиіс.