Саясат
ЛДПР лидері Владимир Жириновский Украина футбол командасының төсінде бейнеленген Қырымның суретіне қатысты пікір білдірді
Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
“Украина Қырымды мың жерден өзінікі десе де, ол әрине олай болмайды. Қырым жүздеген жылдар бойы Ресейдің бөлшегі болған, ол православияның мекені және бақытымызға орай соңғы жеті жылда бізге қайта оралды. Ал Киевта біреу басқа әңгіме айтса да, ештеңе өзгермейді. Мен оларға формаларын қызыл түске бояп, оған орақ пен балғаны салуына кеңес берер едім, өйткені дәл сол коммунистер Украинаны құрып, Қырымды соларға берді ғой.
Ал жауап ретінде мен Ресейдің спорттық формасына Ресей империясының картасын салуды ұсынамын, ол картада Украина тұтастай Ресейдің құрамында болған. 1917 жылға дейін бұлар жай ғана губерния болды ғой, мысалы Черниговская, Полтавская, Харьковская, Киевская, Волынская, Подольская дегендей. Тіпті “Украина” деген сөздің өзі қолданылған емес, ал украинша, анығы орыс-поляк сөздерінің араласуынан пайда болған тілде тек қана алыстағы ауыл тұрғындары сөйлейтін!
Ал біздің құрамамыз шығатын гимн ретінде біз “Жаратушым, Патшаны сақта” ұранын алайық. Бұл оларға жердің кімге тиесілі екенін, кім онда уақытша тұрып жатқанын естеріне салады”, – деді ол.