Bugin event
20 жасар жігіт мемлекетке 2 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.
Қостанайлық жігіт екі айдың ішінде 96 рет жол ережесін бұзған. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды
"ВАЗ-2109" көлігін тізгіндеуші жас жігітті тәртіп сақшылары қала көшелерін патрульдеу кезінде тоқтатты. Осы жылдың 8 сәуірінен бастап автоматты жүйелер көліктің 96 жол ережесін бұзғанын тіркеді.
- Полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыға 1 969 000 теңге көлемінде айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама жазып берді, - деп хабарлады баспасөз қызметі. - Сонымен қатар,"ВАЗ" көлікті басқару құқығы жоқ және сақтандыру полисінсіз басқарғаны белгілі болды. Аталған фактілер бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы 2-бөлігі және 612-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.