МӘДЕНИЕТ

TikTok-та халық ашуын туғызған видео тарады

Былтырғы жылдан бастап, ел ішіне етене енген "ТикТок" әлеуметтік желісінде жаға ұстатар видеолар көбейді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Өткен аптада әлеуметтік желілердің бірінде қазақ баласының аяғымен нан басқан видеосы тарады. Дем арасында бұл контент елді дүрліктіріп, халықтың ашуын туғызды. "Qazaqstanda" инстаграм парақшасында талқылауға түскен видеоға ел әртүрлі пікір білдірді. 

Масқара. Тоқшылық аздырар адам баласын… Кешегі атамыз осы нанға зар болып аштан қырылды емес па?

Мынау ұят енді. Алла сақтасын, нанды аяқпен басу ол қандай тоқшылық. Алла кешірсін“,- деп жазылған жазбаның астында жазылған елдің пікірін оқып бітіру мүмкін емес. Барлығы да тойып секірген тиктокшылардың ісіне шошынып қарауда.

Еске сала кетсек, "Тик ток" жастар арасында кең танымал болған желі. Қазір әлемде оның аса зиян екені жиі айтыла бастады. Тіпті кейбір оған елдерде тиым салынған.