Білім және ғылым

Оқушылардың каникул уақыты қысқарады

Мектеп оқушыларының каникул мерзімі қысқарады. Көрсетілген бұйрық жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда жаңа оқу жылы дәстүрлі түрде бірінші қыркүйекте басталады.

Оқу жылында қосымша демалыс бірінші сынып оқушыларына беріледі. Қазақстанның білім және ғылым министрлігі 2021-2022 оқу жылында мектеп оқушыларының демалыс күндері көрсетілген бұйрық жобасын Ашық НҚА порталында жариялады.

2021 - 2022 оқу жылының басталуы - 2021 жылғы 1 қыркүйек. Оқу жылының ұзақтығы бірінші сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12) сыныптарда – 34 оқу аптасы. Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының интеграциялануын ескере отырып, қайталауға бөлінген сағат есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.

Оқу жылы ішіндегі 1-11 (12) сыныптардағы демалыс кезеңдері:

күзгі демалыс – 7 күн (2021 жылдың 25-31 қазан аралығы);

қысқы демалыс – 11 күн (2021 жылдың 31 желтоқсаны мен 2022 жылдың 10 қаңтар аралығы);

көктемгі демалыс – 11 күн (2022 жылдың 21-31 наурыз аралығы);

бірінші сыныптардағы қосымша демалыс – 7 күн (2022 жылдың 7-13 ақпан аралығы).

2021-2022 оқу жылындағы жазғы демалыс 26 мамырдан 1 қыркүйекке дейін созылады. Қоғамдық талқылау мерзімі 28 маусымға дейін.