Саясат

Аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдады

Бүгін Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мынбаев азаматтарды жеке қабылдады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тұрғындар аудан әкіміне ауланы көріктендіру, кәріз жүйесі, үй құрылысы мәселелері бойынша арыз-шағымдары мен ұсыныс-тілектерін жеткізді.
    
Мәселен, Төреқұлов көшесінің тұрғыны Божко Татьяна нөсер кезінде үйінің алдына су жиналып, ыңғайсыздық тудыратынына шағымданды. Бұл мәселені жан-жақты қарастыру үшін Рашид Мамытұлы жауапты мамандармен Төреқұлов көшесіне барды. Тұрғындармен кездесіп, көтерілген мәселені  шешудің бірнеше жолдарын ұсынды.

Аудан әкімі кездесу барысында көтерілген барша мәселелердің дер кезінде орындалуын тиісті сала мамандарына тапсырды.

Жалпы аудан тұрғындарымен кездесу тұрақты түрде аптаның әр сәрсенбі-бейсенбі күндері өткізіледі.Әл-Фараби ауданы әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін тұрғындар әкімдікке келіп алдын ала өтініш қалдыруы тиіс. Одан бөлек тұрғындар сұрақтарын  әр дүйсенбі күні @alfarabi. shymkent парақшасында онлайн форматта өтетін тікелей эфирде қоя алады.