Білім және ғылым
Шымкент оқушысы халықаралық конкурста 1-орынды иеленді
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comШымкент қаласы білім басқармасының «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернатының оқушысы Айбын Жұмабеков халықаралық XVI «JULDYZAI» фестивалінде бірінші орынға ие болды. Би тобының жетекшісі Тамара Шильдерханова арнайы дипломмен марапатталды.
Биыл пандемияға байланысты балалар шығармашылығының кезекті халықаралық фестиваль-байқауының екі кезеңі де онлайн форматта өтті. Аймақты іріктеу кезеңдеріне 3000-нан астам қатысушыдан өтінім қабылданды. Ал халықаралық кезеңге 129 өтінім келіп, 379 бала қатысты. Соның ішінде 49-ы Ресей, Грузия және Өзбекстан шетелдік қатысушылар болды. Фестивальдің қорытындысы бойынша шымкенттік шәкірт өзге қатысушыларды басып озып, топ жарды.